- Студенттер үйі —
- Alikhan Bokeikhan University жатақханасы.
- Университет —
- Alikhan Bokeikhan University.
- Білім алушылар —
- Университеттің студенттері, магистранттары мен тыңдаушылары, ал ерекше жағдайларда өзге оқу орындарының білім алушылары.
- Орналасушы (өтініш беруші) —
- Осы Ережеде көзделген, Студенттер үйінен жатын орын алуға үміткер білім алушылар және өзге де адамдар.
- Тұрушы —
- Осы Ережеде көзделген, Студенттер үйінде жатын орынды иеленетін білім алушылар және өзге де адамдар.
- Бөгде адамдар —
- Студенттер үйінде тұрмайтын адамдар.
- Комендант —
- Студенттер үйін басқаратын Университет қызметкері.
- Бөлме паспорты —
- Бөлменің жоспары мен нөмірі, жалпы ауданы, жатын орын саны, бөлмедегі мүлік тізбесі, онда тұратын адамдардың тегі мен аты және олар туралы қысқаша мәліметтер: оқу тобы, факультеті, оқу орнының атауы, лауазымы мен ұйымының атауы көрсетілетін құжат. Бөлме паспортына Студенттер үйінің коменданты және бөлмеде тұратын адамдар қол қояды.
- Студенттік кеңес —
- Студенттер үйінде тұратындардан құралған қоғамдық өзін-өзі басқару органы. Оның негізгі мақсаты — Студенттер үйінде тұратындардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу.
- Электрондық Студенттер үйі —
- Тұратындар туралы мәліметтерді қамтитын және Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелері: тәрбие жұмысы бөлімі, деканат, бухгалтерия және комендант арасында жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін электрондық деректер базасы.